Риддерде төтенше жағдай жарияланды
Риддерде төтенше жағдай жарияланды
Фото: bureau.kz
474
оқылды
Энергетика министрлігі Риддердегі апаттың себебін түсіндірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Министрліктің мәліметінше, 7 қарашада (сағат 3.40-та) Риддер ЖЭО-да №2 қазандық іске қосылды. Мамандар №1 қазандықты іске қосуға дайындап жатыр. Жылу желілеріндегі жеткізу температурасы: кесте бойынша – 70 градус, іс жүзінде 30 градусқа дейін төмендеді. 3 қарашада Риддер ЖЭО-ны шлактан тазарту үшін №3 қазандық тоқтатылды. 4 қарашада №2 қазандық, 6 қарашада қосалқы жабдық бойынша ақауларды жою үшін №1 қазандық және қыздыру бетіндегі ақауларды жою үшін №6 қазандық тоқтатылды. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің басшылығымен құрылған «Риддер ЖЭО» АҚ төтенше жағдай жөніндегі жедел штабына ҚР Энергетика министрлігі атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаментінің өкілдері де кірді.
«Қазіргі уақытта жергілікті ауқымда жарияланған төтенше жағдайдың режимі шеңберінде өңірдің: Өскемен және Согра ЖЭО энергетиктерін тарта отырып, жөндеу қалпына келтіру жұмысы ұйымдастырылды, сондай-ақ мазут қоры жедел толықтырылып жатыр» делінген ресми хабарламада.
Риддер қаласындағы жылу электр орталығында апат болып, 22 мыңнан астам отбасы жылусыз отыр.