Елордада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту келешегі талқыланды
Елордада әйелдер кәсіпкерлігін дамыту келешегі талқыланды
299
оқылды
4 қараша күні елордада Әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту жөніндегі коалиция (үкіметтік емес сектордың 30-дан астам өкілін біріктіреді) ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен «Әйелдер кәсіпкерлігі – елдің экономикалық ресурсы» атты конференциясын өткізді. Аталмыш шараның мақсаты –  мемлекеттік органдар және бизнес қоғамдастықпен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі басым мәселелер мен ұсынымдарды талқылау. «Цифрлық трансформация» ҚҚ басшысы, «Technowomen» президенті Азиза Шужеева цифрландыру, технологияларды қолдану саласында Қазақстан айтарлықтай серпінді дамып келе жатқанын атап өтті. Қор электрондық коммерция мектебімен бірлесіп, жақында 1470 қолөнершіге арналған ecommerce тренингін өткізді. Онда қазақстандық және шетелдік маркетплейстерге шығу бойынша түсінік берілді. Бұл бизнесті дамыту үшін қолжетімді әрі болашағы зор бағыттардың бірі. Әйелдер «Кәсіпкер әйелдерге дәстүрлі офлайн бизнеспен (қызмет көрсету саласы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) шектелмей, цифрлық салаларды да зерделеу қажет. Қазір бізде финтех, medtech, edutech белсенді дамып келеді. Бұл әйелдердің мүмкіндіктері мен қабілеттері танылатын салалар», – дейді Азиза.