Төтенше жағдай жарияланған Риддерде мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды
Төтенше жағдай жарияланған Риддерде мектеп оқушылары қашықтан оқитын болды
Фото: ptoday.ru
495
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында төтенше жағдай жарияланды.  Жылусыз қалған қалада мектеп оқушылары 11 қазанға дейін қашықтан оқиды. Риддердегі жылу электр орталығында күл шығару жүйесіндегі сорғы істен шығып, №1 қазандық агрегатының қосалқы жабдығы апатты жағдайда ажыратылды. Соның салдарынан жылу тасығыштың температурасы төмендеді.
«Төтенше жағдайға байланысты Риддер қаласының білім бөлімі басшысы міндетін атқарушының бұйрығымен 7-11 қараша аралығында мектеп оқушылары қашықтан оқыту форматына көшті. Осы уақыт ішінде қаланың мектепке дейінгі мекемелері өз жұмысын тоқтатады» делінген әкімдіктің хабарламасында.
Қазіргі уақытта Риддер қаласының 22 мыңнан астам абоненті жылусыз отыр. Риддерде төтенше жағдай жарияланды.