Көлік жүргізушісі әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен
Көлік жүргізушісі әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен
Фото: kaz.tengrinews.kz
927
оқылды
Алматыда көлік жүргізушісі әйелді қағып өлтірген. Соққының күшті болғаны соншалық әйелдің денесі 20-30 метрге ұшып кеткен. Tengrinews.kz-тің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 қарашада таңертең Момышұлы көшесінде болған. Таңғы сағат 7:30 шамасында Alatau city тұрғын үй кешені алдында кептеліс пайда болды. Кейін жаяу жүргіншілер өткелінде адамды қағып кеткенін анықталды. Полицейлер марқұмның 45 жастағы Алматы тұрғыны екенін растады.
«7 қарашада таңғы сағат 7:25-те белгісіз жүргізуші көлікпен Момышұлы көшесі бойымен солтүстік бағытта, №5 үйге қарама-қарсы келе жатып, жолдың белгіленген бөлігінде батыс бағытта өтіп бара жатқан жаяу жүргінші, 1977 жылы туған әйелді қағып кетті. Апат салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі мен 347-бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды. Күдіктіні анықтау және ұстау шаралары жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.