Маңғыстауда жұмыссыз қалған азаматтардың жағдайын жақсы түсінемін – Тоқаев
Маңғыстауда жұмыссыз қалған азаматтардың жағдайын жақсы түсінемін – Тоқаев
Фото: gov.kz
4,761
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы халықпен жүздесуінде еліміздегі мұнайдың төрттен бірі өндірілетін Маңғыстауда өңдеу өнеркәсібін және бизнес саласын дамыту қажет екенін айтты. Сондай-ақ, өңделген дайын өнім шығаратын өндіріс орындарын ашу қажет.
«Облыста соңғы бес жыл бойы бірқатар ірі өндіріс орындары тоқтап тұр. Бұл жағдай жұмыссыз қалған азаматтар арасында наразылық туғызғанын жақсы түсінемін. Үкімет осы өндірістерді жандандыру үшін тиімді шараларды шұғыл түрде қабылдауға тиіс. Қажет болса, жаңа өнім шығару үшін нарықтың сұранысына сай бейімдеу жолдарын қарастыру керек. Сонымен бірге, бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашқан жөн. 2023-2026 жылдары 29 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Соның нәтижесінде 3 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Үкіметке және әкімдікке барлық жобалардың уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Президент.
Бүгін Президент Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен барды.