Алматыда мейрамхана өртке оранды
Алматыда мейрамхана өртке оранды
440
оқылды
Алматыда өрт сөндірушілер қатты өртті 11 минутта оқшаулады. Өртті сөндіру барысында 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
7 қарашада сағат 18:45-те Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданына жоғары дәрежедегі шақырту бойынша аттанды. Төле би көшесі, 24 В көшесіндегі ғимарат отқа оранған.
"Оттың жапсарлас орналасқан, қызу жұмыс істеп жатқан екі қабатты мейрамхана ғимаратына ұласу қаупі туындады. Ағашпен қапталған бұл ғимараттың от тисе, әп сәтте өртеніп кету ықтималдылығы жоғары еді. Өртті сөндіру барысында 20 тұтынушы мен 15 қызметкер эвакуацияланды. Өртті сөндіру кезінде өртпен күрестің екі учаскесі құрылды, өрт оқпандары қолданылды, 90 метрлік "АҚТП" өрт сөндіру автосатысы көтерілді", – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.