Алматыдағы көлік апаты: соңғы деректер жарияланды
Алматыдағы көлік апаты: соңғы деректер жарияланды
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев
836
оқылды
Алматыда көлік апатынан кейін 21 адам медициналық көмекке жүгінген, – деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
«Оқыс оқиға салдарынан 9 адам қалалық ауруханаларға жатқызылды, барлығының жағдайы орташа, тұрақты. 6 зардап шегуші жедел жәрдеммен №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 адам жеткізілді, көрсетілген медициналық көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша емханаларға әрі қарай амбулаторлық емдеуге жіберілді. Қалалық жедел жәрдем ауруханасына 7 адам түсті, екеуі ауруханаға жатқызылды, 5 адам амбулаториялық емге жіберілді.
"2013 жылғы науқас Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына қосарлас жарақатпен түсті. Оған жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың шайқалуы диагнозы қойылды. Бала нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылды", – деп хабарлады басқарма.
Бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Еске сала кетсек, қайғылы оқиға Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған.