Аяғы ауыр келіншек үйдің 8-қабатынан секіріп кетті
Аяғы ауыр келіншек үйдің 8-қабатынан секіріп кетті
Фото: exk.kz
933
оқылды
Алматыда Alma city тұрғын үй кешенінде аяғы ауыр келіншек суицид жасады. Әйел 8-қабаттан секіріп кеткен. Қалалық полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.
«Алматы қалалық полиция департаменті аталған деректі Наурызбай аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» делінген полицияның хабарламасында.
Бұған дейін Алматыда үш баласын терезеден лақтырып, суицид жасаған әйел туралы жазған болатынбыз.