Елордада автобус аялдамасында ер адам қайтыс болды
Елордада автобус аялдамасында ер адам қайтыс болды
© 365info.kz
774
оқылды
Ақпаратты астаналық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға Бөгенбай даңғылының бойындағы жылы аялдамалардың бірінде болды. Қала тұрғындарының бірі полицияға хабарласып, аялдамада мәйіт жатқанын айтқан.
«9 қараша күні сағат 8:20 шамасында «102» каналына Бөгенбай батыр даңғылындағы «Көктем СҮ» аялдамасынан адамның мәйіті табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына келгеннен кейін факті расталды. Полиция қызметкерлері зорлық белгілері жоқ 51 жастағы ер адамның мәйітін анықтады», – делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.