Қорғаныс министрі құмар ойын ойнайтын әскери қызметкерлер туралы пікірін айтты
Қорғаныс министрі құмар ойын ойнайтын әскери қызметкерлер туралы пікірін айтты
Фото: qazaqpress.kz
497
оқылды
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов ойынханада 95 миллион теңгесінен айырылған әскери қызметкерлер туралы айтты. Zakon.kz-тің жазуынша, әрбір әскери қызметші тексеріледі.
«Онда қызметкерлер емес, әскери күштердің әскери қызметшілерінің саны бар. Олардың әрқайсысына қазір қызметтік тексеру тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша,  одан әрі қызметін жалғастыру-жалғастырмау туралы шешім қабылдаймын. Бірақ алдымен тергеу жүргізейік», – деді Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.
Сондай-ақ журналистер министрден әскерилер казиноға ақшаны қайдан алғанын сұрады.
«Олар әскери қызметкерлердің орташа құрамы. Олардың арасында жоғары құрамнан әскерилер болған жоқ. Өздеріңіз білесіздер, жоғары құрам қызметкерлерінің уақыты жоқ. Өйткені біз үнемі далада жұмыс істеп жатырмыз. Біздің әскери қызметкерлерге берілетін сома аз. Олар тәжірибесі жоқ жастар», – деп жауап берді Руслан Жақсылықов.
19 қазанда Алматы облысының прокуратурасы ойынханалар мен ойын автоматтары залдарын тексеріп, мемлекеттік қызметте жүргенде ойынханаға барған 305 мемлекеттік қызметкер анықталғанын мәлімдеді. Олар құмар ойындарға 507 миллион теңге жұмсаған. Түрлі ведомство өкілдерінің арасында 95 миллион теңге ұтқызған Қорғаныс министрлігінің  де қызметкерлері бар екені белгілі болды. Бұған дейін Қорғаныс вице-министрі «18 жаста 9 миллион теңге несиесі бар» деп сарбаз өлімінің бір себебін айтқан еді.