Көкшетауда ер адам гаражда тұрған көлігінен өлі табылды
Көкшетауда ер адам гаражда тұрған көлігінен өлі табылды
© drive2.com
597
оқылды
Көкшетауда ер адам көлігінде уланып, көз жұмды,  – деп хабарлайды Polisia.kz. Қайғылы оқиға 8 қарашада Көкшетау қаласында болды. Облыс орталығының 32 жастағы тұрғынының зорлық-зомбылық белгілері жоқ денесі гаражда тұрған көліктен табылды. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ер адамның өлімі көміртегі тотығымен улану салдарынан болған. Қазір  полицейлер қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полицейлер автокөлік жүргізушілерін қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырады. Газбен уланудың алдын алу үшін автокөліктің шығару жүйелерінің дұрыстығын және олардың герметикалығын үнемі тексеріп отыру қажеттігін еске салады.