Өскемен тасжолында көлік қозғалысы шектелді
Өскемен тасжолында көлік қозғалысы шектелді
288
оқылды
 Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолында көлік қозғалысы шектелді. ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңірдегі тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді.
«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнарлары» тасжолының 6-дан 66 шақырымға дейінгі тасжол учаскесінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар көліктердің қозғалысына тыйым салынды. Жолда тиісті белгілер орнатылған. Шектеу қыс мезгілінің соңына дейін сақталады» делінген ақпаратта.