Ерке Есмахан күйеуге шығатынын сүйіншіледі
Ерке Есмахан күйеуге шығатынын сүйіншіледі
Белгілі эстрада әншісі Ерке Есмахан сүйінші жаңалығымен бөлісті. Ол күйеуге шығатын болды. Бұл туралы қазақстандық жұлдыз Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Алла бұйыртса, күйеуге шығамын! Ерке Есмахан дүркіретіп, үлкен инста той жасап, ұзатылғаны дұрыс па? Әлде тып-тыныш, сырға салып, неке қиып жүре бергені дұрыс па? Сіздердің ақылдарыңыз қажет!", - деп жазды Ерке Есмахан.
Желі қолданушыларының дені көрікті әншіге бақыт тілеген.
"Алла Тағала бағыңызды ашсын! Қуанғанға құт қонар, әдемі той болсын!", "Кім не десе де, жүрегіңіз нені қалайды, солай жасаңыз! Бір рет өмір сүреміз, кейін әттең деп қалмас үшін", "Көңіл хошыңыз нені қаласа, соны жасаңыз. Егер еріңіз үлкен тойды қаламаса, оның алдында бас иіп, оның айтқаны болсын. Тойды дүркіреп өткізгеннен, ол ертең болашағыңызға әсер етеді деп ойламаймын. Ең бастысы, сізге адал жар, Муслимге қамқор әке бола алса, жеткілікті. Той өткізгенше сол ақшаға балалар үйіндегі жетімдерге ас берсеңізші. Алла нәсіп етіп, соларға мейіріміңіз ауса, Алла сізге де тағы құрсақ нәсіп  етер", -  деп ақыл айтқандар да бар оқырмандар арасында.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)