Техаста әуедегі шоу кезінде екі ұшақ соқтығысты
Техаста әуедегі шоу кезінде екі ұшақ соқтығысты
384
оқылды
12 қарашада АҚШ-тың Техас штатында Wings Over Dallas әуедегі шоуда екі ұшақ соқтығысты. Әлеуметтік желіде апаттың видеосы тарады.
Сенбі күні  әуедегі шоуда II Дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұшақтардың шеруі өтті. Шараға мыңдаған адам жиналды. В-17 бомбалаушы ұшағы төмен ұшып келе жатқанда оған P-63 Kingcobra жойғыш ұшағы соғылды. В-17 қақ бөлініп, жерге құлағаннан кейін отқа оранды.
BBC порталының мәліметіне сәйкес, әзірше қайтыс болған адамдар туралы нақты ақпарат жоқ. Алайда ұшқыштар қауымдастығы ұшақ бортында екі зейнеткер ұшқыш болғанын хабарлады.