Алматыда көлік жуу орталығы өртенді
Алматыда көлік жуу орталығы өртенді
305
оқылды
Алматы іргесіндегі Құлжа трассасы бойында көлік жуу орталығы өртенді. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 12 қарашада сағат 21.02-де Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылы Құлжа трассасының 27-шақырымында «Арсамақов» ЖК көлік жуу орталығы өртке оранған.
«Өрт сағат 21.59-да оқшауланып, сағат 22.49-да сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшесі жеткенше, денесін 30% күйік шалған 1982 жылғы әйел Есік қаласының орталық аудандық ауруханасына жіберілген. Кейін сағат 23.10-да денесін 30% күйік шалған 1996 жылғы ер адам өз бетімен ауруханаға жүгінеді. Қазір олардың жағдайы ауыр, реанимация бөлімшесінде жатыр», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.