Президент елшілерден сенім грамотасын қабылдады
Президент елшілерден сенім грамотасын қабылдады
Фото: akorda.kz
569
оқылды
«Ақорда» резиденциясында 3 мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сенім грамоталарын Америка Құрама Штаттарының елшісі Дэниэл Розенблюм, Сьерра-Леоне Республикасының елшісі Мұхамед Йонгаво және Молдова Республикасының елшісі Лилиан Дарий тапсырды.    width= Президент дипломаттарды Қазақстандағы ресми миссияларының басталуымен құттықтап, олар өздерінің кәсіби тәжірибелерімен және қажырлы еңбегімен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлес қосатынына сенім білдірді.  width=    width=    width= Қасым-Жомарт Тоқаев достық және өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған бейбіт әрі ашық сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті. Шара соңында Президент дипломаттарға табыс тілеп, олардың мемлекет басшыларына жүрекжарды сәлемін жолдады.