Жамаубаев төрт министрлік бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмағанын айтты
Жамаубаев төрт министрлік бюджеттен бөлінген қаржыны игере алмағанын айтты
Фото: primeminister.kz
429
оқылды
Биыл он айда республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттан 278 млрд теңге игерілмеген. Бұл туралы Үкімет отырсында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
«Мемлекеттік бюджеттің шығысы – 96,7%, республикалық бюджеттің шығысы – 98%, жергілікті бюджеттердің шығысы 94% атқарылды. Республикалық бюджет бойынша 14,5 трлн теңге сомасына шығыс жүргізді. Бюджеттен бөлінген 295 млрд теңге иегерілмеген. Оның ішінде 17 млрд теңге үнемделген. 278 млрд теңге игерілмеген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ішкi iстер, Төтенше жағдайлар және Оқу-ағарту министрліктері қаржыны игере алмаған», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Жыл басында Ерұлан Жамаубаев Кеденде қадағалауды күшейтсек, қазынаға қосымша 150 миллиард теңге түседі деген болатын.