Орташа зейнетақы қанша?
Орташа зейнетақы қанша?
686
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жария етті. Ведомство мәліметінше, биылғы 10 айда қазақстандықтарға 2,4 триллион теңгеден аса зейнетақы төленген. 2022 жылдың қазанында респуб­лика­лық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 миллиард теңге бөлініп, оның 74,6 мил­лиард теңгесі базалық зейнетақыға, 170,5 миллиард теңгесі ынтымақты зей­нет­ақыға берілген.
«2022 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 268 мың. Дәл осы кезеңдегі зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін қоса алғанда) – 108 993 теңге», – делінген.

 М.ХАҚНАЗАР