«Қазақстандықтар зейнетақысын көбейте алады»: Еңбек министрлігі жағымды жаңалығымен бөлісті
«Қазақстандықтар зейнетақысын көбейте алады»: Еңбек министрлігі жағымды жаңалығымен бөлісті
Фото: matritca.kz
732
оқылды
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап әрбір қазақстандықтың мемлекеттік базалық зейнетақысы оның зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілін ескере отырып, жеке есептеледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі базалық зейнетақының көлемі қалай есептелетінін және оны арттыру жолдарын түсіндірді. Министрліктің мәліметінше, зейнетақы жүйесіндегі жылдарға 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі мен міндетті зейнетақы жарнасы төленген кезеңдер қосылады. Мәселен, егер зейнетақы жүйесіндегі өтіл 10 жыл немесе одан аз болса немесе жүйеде мүлдем өтілі болмаса, базалық зейнетақының көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. Одан әрі әрбір 10 жылғы өтілі үшін базалық зейнетақының көлемі 2 пайыз көбейіп отырады. Мысалы, еңбекақы жүйесіне қатысқан жылдары 20 жыл болса, ондай адамның базалық зейнетақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызына, 30 жыл болса ең төменгі күнкөріс деңгейінің 94 пайызына тең болады. Ал егер зейнетақы жүйесіндегі жылдары 33 жыл немесе одан көп болса, онда базалық зейнетақының көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең болады. Егер бір ай ішінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет міндетті зейнетақы жарнасын салса, бұл, әрине, жүйеде бір ай болып есептеледі. «Осылайша, міндетті әлеуметтік жарнаны барынша жиі және толық көлемде салып тұрса, зейнеткерлік жасына жеткенде базалық зейнетақы көлемі де көп болады», – делінген хабарламада. Ведомствоның хабарлауынша, 2022 жылдың 1 қарашасындағы жағдайға сәйкес, орташа зейнетақы көлемі базалық зейнетақыны қосқанда 108 993 теңге болған.