Салтанат Томпиева жаңа қызметке тағайындалды
Салтанат Томпиева жаңа қызметке тағайындалды
Фото: gov.kz
911
оқылды
Салтанат Томпиева осыған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі директорының орынбасары болып тағайындалды. С.Томпиева 1977 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша және TBS (Toulouse Business School) – Aerospace MBA тәмамдаған. Салтанат Томпиева азаматтық авиация саласындағы еңбек жолын 1998 жылы Азаматтық авиация комитетінің авиациялық қауіпсіздік секторының жетекші маманы болып бастады. 1999-2008 жылдар аралығында стратегиялық жоспарлау бөлімінің, авиациялық қызметтер нарығын қалыптастыру бөлімінің, әуежайлар қызметін реттеу басқармасының, сондай-ақ әкімшілік-құқықтық жұмыс және халықаралық қатынастар бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген. 2008-2012 жылдары – Әуе кеңістігін пайдалану басқармасының, Халықаралық стандарттарды енгізу басқармасының және Халықаралық қатынастар басқармасының бас сарапшысы. 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін Халықаралық қатынастар және авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы және авиациялық тасымалдардың бас мемлекеттік авиациялық инспекторы қызметтерін атқарды. 2019 жылдан бастап 2022 жылғы  қарашаға дейін Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып, ішкі және халықаралық авиатасымалдарды, халықаралық ынтымақтастықты, сол секілді авиация саласындағы мемлекеттік саясатты және қаржы мен кадрлық қызметті қадағалаған.