Америка Айға ұшады
Америка Айға ұшады
Америка Айға ұшады. Фото pexels.com сайтынан алынды
1,113
оқылды
29 тамыздан бері бірнеше рет кейінге қалдырылған «Орион» ғарыш кемесі бүгін Флоридадағы ғарыш орталығынан Астана уақытымен 12.47-де ұшырылды. Artemis-1 миссиясы аясында ұшырылған кемені ғарышқа NASA-ның Space Launch System (SLS) ауыр зымыраны шығарды. Болашақта ғарышкерлер басқаратын кеме бұл жолы ұшқышсыз болды. Artemis 1 миссиясының мақсатын Aikyn.kz ресейлік РБК агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. [caption id="attachment_227782" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок2 АҚШ-тың түпкі мақсаты адамдарды Айға қондыру. Фото Getty Images агенттігінен алынды[/caption] Artemis 1 миссиясы 25 күн ішінде Айды айналып ұшып, Жерге оралып мұхит бетіне қонуы керек. Зымырандағы сутегінің ағып кетуіне байланысты ұшыру кейінге бірнеше рет шегерілді.
Бұл миссия АҚШ-тың Ай бағдарламасының бірінші кезеңі, оның түпкі мақсаты – адамдарды Айға қондыру.
Бұл жолы «Орион» ғарыш кемесі Айдың айналасында ұшқышсыз ұшып, Жерге қайтып оралуы тиіс. Екінші кезеңде бортында экипажы бар кеме Айды айналып өтетінін болады. Ал 2024 жылға жоспарланған үшінші кезеңде ғарышкерлер Айға қонады. [caption id="attachment_227784" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок3 Орион Айдың айналасында ұшқышсыз ұшып, Жерге қайтып оралуы тиіс. Фото авторы Aubrey Gemignani/NASA/AP[/caption]
Американың SLS зымыраны – Жер орбитасынан тыс басқарылатын миссияларға арналған өте қуатты зымыран тасығыш.
Оның ұзындығы –  98 метр, ал әлемдегі ең қуатты зымыран қозғалтқыштарының жалпы күші – 39,1 МН.