Петропавлда көлік жөндеу орталығында жарылыс болып, 9 адам жарақат алды
Петропавлда көлік жөндеу орталығында жарылыс болып, 9 адам жарақат алды
304
оқылды
Петропавлда көлік жөндеу стансасында жарылыс болып, 9 адам жарақаттанды. Апат салдарынан 9 адам жарақат алған. Оқиға орнында 50-ге жуық адам тілсіз жаумен күресті. 16 қараша күні сағат 16.16-да «101» телефонына Гашека көшесі 8 мекенжайы бойынша орналасқан ғимараттың өртке оранып жатқаны жайында хабарлама келіп түскен. Айналасы жеті минуттың ішінде төтенше жағдай орнына құтқарушылар жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Алдын ала болжам бойынша, жөндеуде тұрған автомобильдердің біріне орнатылған газ баллоны жарылып кеткен. Мұнымен қоса тағы бірнеше   көлікке зақым келді. «Апат автомобильде орнатылған газ баллондағы ақаумен құрылыс конструкцияларының өртеніп, құлау салдарынан болды. Қызыл жалын шамамен 100 шаршы метр аумаққа жайылды. Оқиға орнында түрлі дәрежедегі жарақат алған тоғыз адамға медициналық көмек көрсетілді. Олардың жеке тұлғасы анықталып, кейбірі ауруханаға жатқызылды. Ал зардап шеккендермен және олардың туыстарымен СҚО ТЖД психологиялық көмек тобының мамандары жұмыс істеді. СҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметінің күшімен (жеке құрамның 43 адамы және 10 бірлік техника) өрт сағат 16.53-те оқшауланды. Қаза тапқандар жоқ. Материалдық залал мен шығын көлемі есептелетін болады», – делінген облыстық ТЖД мамандары таратқан ақпаратта.