«Jana Qazaqstan» зияткерлік кеңістігінің үшінші кездесуі болды
«Jana Qazaqstan» зияткерлік кеңістігінің үшінші кездесуі болды
206
оқылды
Бүгін «Jana Qazaqstan» зияткерлік кеңістігіне қатысушылар үшінші кездесу барысында «Қазіргі заманғы зерде соғыстары» тақырыбында пікірталас өткізді.
- 17 қараша күні пікірталасқа кездейсоқ таңдалған жоқ. ЮНЕСКО-ның бастамасымен дәл осы күні Дүниежүзілік философия күні атап өтіледі. Осы күні осындай кездесуді ұйымдастыру – бұл адамға сыни ойлауды, сындарлы пікір алмасуды және шындықты іздеуді үйрететін философияға құрмет көрсету тәсілі – деді пікірлесушілер.
 width= Кездесуде философия ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі Күлшат Медеуова және философия докторы, Эксетер университетінің оқытушысы Нелли Бекус сөз алды.