Тұрғын үйді жалға алу ақысы төмендеді
Тұрғын үйді жалға алу ақысы төмендеді
517
оқылды
Еліміздің көптеген қаласында жалға берілетін тұрғын үй бағасы төмендеп жатыр. 10-17 қараша аралығында мониторинг жүргізген сарапшылар 13 қаланың 11-інде жалға алу бағасы төмендегенін мәлімдеді. Ең алдымен Көкшетауда пәтерді жалға алу құны 8,1 пайызға төмендеген. Одан кейін Оралда – 6,8 пайызға, Астанада 3,6 пайызға арзандаған. Алматыда жалға берілетін пәтер құны 2,8 пайызға төмендеген. Ал Қарағанды мен Қостанайда 1-3 пайыз өсім байқалыпты. Қазір Алматыда 1 бөл­мелі пәтерді жалдаудың орташа бағасы 250 мың теңге шамасында, ал Астанада – 180 мың теңге. Ең арзаны Талдықорғанда – айына 1 бөлмелі пәтерді 80 мыңға таба аласыз. Қалған өңірдің барлығында орта есеппен 120 мың теңге көлемінде.