Қыздар – үздік ондықта
Қыздар – үздік ондықта
Халықаралық теннис фе­де­рациясы құрама команда­лардың жаңартылған рей­тин­гін жариялады. Қазақстан теннис федерациясы ұлттық әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 9-дан 10-орынға сыр­ғығанымен, үздік ондықта қалға­нын мәлімдеді. Қазақстан әйелдер құрамасы Ресей, Италия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша сынды елдердің алдында тұр. Қа­зақ­стандық қыздар командалық әлем чемпионаты – Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі­нде өнер көрсетіп, Ұлыбританияны ұтқанымен, Испанияға жол беріп, топтан шыға алмай қалған болатын. Рейтинг көшін бұрынғыша Аустралия бастап келеді. Billie Jean King Cup рейтингісінің үздік онды­ғына Аустралия, Швейцария, Ис­пания , Чехия, Франция, Канада, АҚШ, Словакия, Германия, Қазақ­стан кіреді.