Риддердегі жылу электр стансаларын инвесторлар қаржыландыруы мүмкін
Риддердегі жылу электр стансаларын инвесторлар қаржыландыруы мүмкін
201
оқылды
Риддердегі проблемалық ЖЭО-ның одан арғы тағдыры әлі шешілген жоқ, қаладағы төтенше жағдай әлі де жойылмады. Риддер қаласындағы жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарына 13 мердігер ұйым жұмылдырылды. Багер сорғы стансасы мен мазут қоймасы нормативтік талаптарға сәйкестендірілді. Сонымен қатар жылу орталығының өзі қажетті мөлшердегі отынмен қамтамасыз етілді, – деп хабарлайды yk-news.kz.
"Бүгінде жылуды үш орташа қысымды қазандық қамтамасыз етеді. Ыстық су беру температурасы 60 градустан жоғары", – дейді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының энергия және энергия үнемдеу бөлімінің басшысы Рузиля Абдурашитова.
№6 қазандықтың жұмысын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. №4 қазандықта да жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қазандық қондырғысын бүгін, 18 қарашада іске қосамыз деп уәде бергенімен, жақын арада қосу жоспарланып отыр. №5 қазандық үшін қажеттінің бәрі сатып алынады және сонымен бірге жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен  қаладағы төтенше жағдай әлі де сақталуда.
"Төтенше жағдай біз стансаның тұрақты жұмысын қамтамасыз етпейінше жалғасады", – деп түсіндірді Абдурашитова.
Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының өкілі Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке қайтару мәселесімен басқармада жұмыс жүргізіліп жатқанын да атап өтті.
"Мәселе қарастырылуда. Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа «Риддер ЖЭО» АҚ монополиясыздандыру мәселесін қарауға қатысты хат жолданды", – деді ол.
Жылу электр орталығын инвесторларға беру нұсқасы да қарастырылуда. Абдурашитованың айтуынша, әлеуетті инвесторлардан ұсыныстар келіп түскен. Еске салайық, 7 қарашада Риддерде техногендік сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жарияланған болатын. Тиімсіз жөндеу жұмыстары алты қазандықтың төртеуін өшіріп тастады. Салдарынан 22 мың отбасы жылусыз, ыстық сусыз қалды.