Атырауда сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды
Атырауда сайлау күні қоғамдық көліктер тегін қатынайды
427
оқылды
20 қараша сайлау күні атыраулықтар қоғамдық көлікпен тегін қатынай алады.
Бұл күні Атырау қаласының қоғамдық көлігі қалыпты режимде жұмыс істейді. Қала ішінде, қала маңына қатынайтын бағыттарда жол жүру тегін болады. Автобустар әдеттегідей таңғы сағат 6.00-ден 23.00-ге дейін жүреді", - деді «Смарт-Атырау» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Арслан Аронов.
Еске сала кетейік, биыл сәуірден бастап Атырау қаласы әкімінің тапсырмасымен мектеп оқушылары қоғамдық көлікпен тегін қатынауда. Статистикалық мәліметке сүйенсек, Атырау қаласында 31 бағытқа қатынайтын 240 автобус бар.