Дауыс беру – өз отбасының болашағы үшін, өз елінің болашағы үшін маңызды – Ерлан Қошанов
Дауыс беру – өз отбасының болашағы үшін, өз елінің болашағы үшін маңызды – Ерлан Қошанов
383
оқылды
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс президент  сайлауында дауыс берді. Бұл туралы Sailau 2022 Telegram каналы хабарлайды.
«Көңіл күйім өте керемет. Бүгін мен еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Әр азамат бүгін дауыс беруі керек деп ойлаймын. Дауыс беру – өз отбасының болашағы үшін, өз елінің болашағы үшін маңызды. Сондықтан барлық қазақстандықтарды бүгін сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасауға шақырамын», – деді Ерлан Қошанов.
Айта кетейік, елімізде дауыс беруге арналған 10 101 учаске бар. Оның ішінде Қазақстанның шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде 53 елде 68 учаске бар. 86 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.