Президенттіктен үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №58 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру үшін Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс беру учаскесіне сағат 8.48-де келді.
Сайлау учаскесінің төрайымы Қымбат Мұқанованың айтуынша, аталған учаскеде 2 627 адам тіркелген. Дәл қазір 200-ден астам сайлаушы дауыс беріп үлгерді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын бірнеше саяси партия мен республикалық қоғамдық бірлестік халықтық коалиция ретінде ұсынды. Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты 12 қазанда үміткер ретінде тіркеді.
Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілдері еліміздің барлық өңірлерін аралап шықты.