Тоқаев сайлаудан кейін қандай өзгерістер болатынын айтты
Тоқаев сайлаудан кейін қандай өзгерістер болатынын айтты
Фото: @sailau_22
1,178
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, – деп хабарлайды Halyq Uni. Президент Астанадағы әл-Фараби атындағы оқушылар сарайына таңғы тоғыз шамасында келді. Сайлауда дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрағына жауап берді. Halyq Uni тілшісі Президенттен бұл сайлауда өзіне қай кандидатты басты қарсылас санайтынын және сайлауда жеңіске жетсе, қандай кадрлық өзгерістер болатынын сұрады.
«(Сайлаудан кейін –  ред.) кадрлық өзгерістер болады. Үкімет отставкаға кетпейді. Себебі  заң бойынша Мәжіліс сайлауынан кейін Үкімет отставкаға кетуі керек. Дегенмен кейбір өзгерістер Үкімет болсын және тағы басқа мекемеде міндетті түрде болады», – деп жауап берді Тоқаев.
Айта кетейік, 20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Қазақстандықтар жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 07.00-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады.