ОСК мүшесі дауыс беру көрсеткіші ең жоғары өңірлерді атады
ОСК мүшесі дауыс беру көрсеткіші ең жоғары өңірлерді атады
©Радмир Фахрутдинов
441
оқылды
Қазақстан Республикасы ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың мәліметінше, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 51,16 пайызы сайлау учаскесіне барып, дауыс берген. ОСК мүшесінің айтуынша, сайлау учаскелерінің басым бөлігінде дауыс беру белсенді түрде жүріп жатыр.
«Түркістан, Абай, Ұлытау және Қызылорда облыстарында сайлаушылардың келу көрсеткіштері ең жоғары. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 113 621 азамат бюллетень алды. Ол елдегі жалпы сайлаушылар санының 51,16 пайызы.  ҚР шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанынан құрылған 68 сайлау учаскесінің 63-інде дауыс беру жүріп жатыр. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесін кандидатттардың сенім білдірген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ-тың өкілдері байқап отыр. Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат 16.05-те беріледі», – деді А.Щегорцова ресми мәлімдемесінде.