Қазақстан мен Канададағы сайлау арасында үлкен айырмашылық байқамадым – канадалық бақылаушы
Қазақстан мен Канададағы сайлау арасында үлкен айырмашылық байқамадым – канадалық бақылаушы
©Радмир Фахрутдинов
359
оқылды
Канада сенаторы, Қазақстан-Канада парламентаралық ынтымақтастық тобының тең төрағасы Виктор Оу Қазақстандағы сайлау процесі қағаздағы талаптарға сәйкес өтіп жатқанын мәлімдеді. Ұлыбританиялық London Post басылымының тілшісі Канада мен Мексиканың байқаушыларынан «Қазақстандағы сайлау туралы пікірлеріңізді естідік. Бұл елге сайлау жүйесін жетілдіру үшін қандай кеңес берер едіңіздер?» деп сұрады.
«Біздің көргеніміз бойынша айтсақ, бәрі жақсы өтіп жатыр. Дауыс беру процесі әлі жалғасып жатыр. Әзірге көргенімізден мәлімделген процедуралар іс жүзінде сақталып жатыр. Яғни, қағазда жазылған дүниелерге процедуралар сәйкеседі. Мен байқаушымын және байқау кезінде Канадада жұмыс істейтін жүйеден ешқандай айырмашылық көрмедім», – деді канадалық байқаушы.
Сондай-ақ, ол Қазақстандағы сайлауды өз еліндегі сайлаумен салыстырды.
«Канаданың да демократиялық сайлауды қамтамасыз ететін өз жүйесі бар. Әзірше мен соншалық үлкен айырмашылық көрген жоқпын. Сіздерде бюллетень бар, ол құпия толтырылады. Кімге дауыс беретініңізді құпия белгілейсіз. Содан кейін барып урнаға саласыз. Мен бұл жерде жақсы жүйе бар деп топшылаймын», – деді канадалық байқаушы.