Италиядағы Азия мәселелері жөніндегі институттың бас хатшысы елдегі президент сайлауына қатысты пікір білдірді
Италиядағы Азия мәселелері жөніндегі институттың бас хатшысы елдегі президент сайлауына қатысты пікір білдірді
321
оқылды
Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Италия Азия мәселелері жөніндегі институтының бас хатшысы Доменико Палмиери бүгінгі өтіп жатқан президент сайлауына қатысты пікір білдірді. Доменико Палмиери миссиядағы әріптестерімен бірге 10-ға жуық сайлау учаскесіне барған.
«Римдегі елшіліктеріңіз мені байқаушы болуға шақырғанына қатты қуаныштымын. Себебі Қазақстан туралы көп естісем де мұнда ешқашан болған емеспін. Қазір Қазақстандағы жағдайдың қандай екенін білгім келді», – деді ол.
Ол сайлау бір қалыпты әрі заңға сәйкес өтіп жатқанын айтты.
«Мен бүгін тек көңіл күйі жақсы, бақытты адамдарды көрдім. Қазақстан туралы жаңалықтарды естідім әрі Қазақстанның Римдегі елшісінен, Қазақстандағы жағдай, елдегі проблемалар туралы білемін. Батыс көшбасшылары Қазақстан сияқты ұлы елдің саясаты қалай өзгеріп жатқанын көріп отыр», – деп атап өтті спикер.
«Vision & Global Trends» халықаралық жаһандық анализ институтының төрағасы Тиберио Грацианидің пікірінше, Қазақстандағы сайлау – бұл тек елдің өзі үшін ғана емес, халықаралық аренада өзін көрсету үшін де тамаша мүмкіндік.