«Сізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын»: Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады
«Сізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын»: Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады
© azattyq-ruhy.kz
478
оқылды
«Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінен президент сайлауына түскен кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қасым-Жомарт Тоқаевты саяси додадағы жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy. Өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтай келе, оған жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы, сізді шын жүректен жеңісіңізбен құттықтаймын! Жоспарларыңызды толық жүзеге асыруда сәттілік тілеймін! Мен сізге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынмын!» – деді ол.
Айта кетейік, ОСК Қазақстандағы президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады: Қарақат Әбден – 2,6%, Нұрлан Әуесбаев – 2,22%, Жигули Дайрабаев – 3,42%, Мейрам Қажыкен – 2,53%, Қасым-Жомарт Тоқаев – 81,31%, Салтанат Тұрсынбекова – 2,12%. Барлығына қарсымын – 5,8%.