Доллар бағамы 4,05 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 4,05 теңгеге қымбаттады
Фото: yakutsk.ru
264
оқылды
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 4,05 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 463,55 теңге. Ұлттық банктің 21 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 459,04 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 463,5 теңге, сатып алу – 467 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 464 теңгеден болса, сатып алу құны – 465,5 теңге. Ресей рублі 7,37 – 7, 43 теңге аралығында саудаланып жатыр.