«Келген кезде тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттар мен жиһаз өртеніп, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнгенін анықтадық», – деп жариялады ведомство өкілі.Қабылданған шаралардан кейін 10 минуттан соң өрт сөндірілген. Алайда өрт сөндірушілер келгенге дейін үйде 1950 жылы туған үй иесі болған. Оны осы тұрғын үй кешенінің 30 жастағы тұрғыны Еркебұлан Жанахметов құтқарып қалған. Ол өз өмірін қатерге тігіп, операциядан кейін өз бетімен қозғала алмайтын қарт адамды аман алып қалған.
М.ХАҚНАЗАР