26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі өтеді
26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі өтеді
1,282
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына ант беру рәсімі 26 қарашада өтеді.
«Сайланған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ант беру күні 2022 жылғы 26 қараша болып айқындалды», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында халық сайлаған Қасым-Жомарт  Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылатын болады.