Доллар бағамы 0,74 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 0,74 теңгеге төмендеді
Фото: yakutsk.ru
356
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,74 теңгеге төмендеп, 1 доллар 462,75 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 22 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 463, 55 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 463 теңге, сатып алу – 466, 5 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 464,5 теңгеден болса, сатып алу – 466,5. Ресей рублі 7,36- 7,39 теңге аралығында саудаланып жатыр. ҚР Ұлттық банкінің дерегіне сәйкес, 22 қараша күні Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,64 теңге болды.