Қ.Тоқаевты Президент ретінде тіркеді
Қ.Тоқаевты Президент ретінде тіркеді
984
оқылды
Орталық сайлау комиссиясының отырысында кезектен тыс Прези­дент сай­лауының түпкілікті қорытындысы жарияланды. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің дере­­гін­ше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олар­дың 81,31 пайы­зы дауыс берген. «Бәріне қар­­­сымын» ба­ға­нын сай­­лаушылардың 460 484-і немесе 5,8 пайы­зы таңдаған. Сонымен бірге Жигули Дайрабаевқа сай­лаушылардың 271 641-і немесе 3,42 пайы­­зы, Қа­рақат Әбденге сай­­­­лау­шы­лар­дың 206 мыңы немесе 2,6 пайызы, Мейрам Қа­жыкенге сай­­­­лау­шы­лар­дың 200 907-і не­месе 2,53 пайызы, Нұр­лан Әуесбаевқа сай­­­­­лау­шы­лар­дың 176 116-ы немесе 2,22 пайы­зы жә­не Салтанат Тұрсын­бековаға сай­­­­­лау­шы­лар­дың 168 731-і не­месе 2,12 пайы­зы дауыс берген.
Қазақ­стан­дағы сай­лау туралы Конс­ти­туция­л­ық заңның 9-ба­бы 1-тармағына жә­не 65-бабына сәйкес, дауыс беруге қа­тыс­­­қан сайлаушылардың 50 пайыз­дан ас­­та­­мының дауысын алған кандидат рес­публика Президенті болып саналады. Осы­­лай­ша, 2022 жылғы 20 қарашадағы кезек­тен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Президенті болып сай­ланды», – деді Нұрлан Әбдіров.
Бұдан соң ОСК мүшелері 2022 жылғы 20 қа­ра­­шадағы кезектен тыс Президент сай­­лауы­ның қорытындыларын анықтау туралы қау­лы­ны бірауыздан қабылдады.
«Орталық сайлау комиссиясы халық сай­лаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­ты Қа­зақстан Республикасының Президенті ре­тін­де тіркеді және заңнамада бел­гіленген тәр­тіппен сайланған Мемле­кет басшысына тиіс­ті куәлік тапсыры­ла­ды», – деді ол.
Сайланған Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл­ғы 26 қарашада ант береді.