23 қарашаға арналған ауа райы болжамы
23 қарашаға арналған ауа райы болжамы
258
оқылды
Қазгидромет 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, шығысында - қар жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, облыстың батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел күшеюі, Қазақстан Республикасының шығысында, солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жетісудың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының оңтүстігінде қалың қар жауады.