Алматыда қатты жауын салдарынан көше арықтарын су басты
Алматыда қатты жауын салдарынан көше арықтарын су басты
704
оқылды
Алматыда 22 қарашадан 23 қарашаға қараған түні қатты жауын-шашын болып, қаланың проблемалық учаскелеріндегі арықтар суға толып қалды. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, түнде қалада жаңбыр, тауда қар жауып, Шымбұлақта 20 см қар түскен.
«Қала бойынша барлығы 52 бірлік техника, 27 мотопомпа, 2390 дана ыдыс-қап және 104 жұмысшы жұмылдырылды. ТЖД желісі бойынша су басу шағымы тіркелген жоқ. Алайда проблемалық учаскелерде әсіресе, Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету фактісі болды. Әрбір факт ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданды» делінген әкімдіктің хабарламасында.