Маңғыстау облысында оқушыны ұрып-соққан мұғалім жұмыстан босатылды
Маңғыстау облысында оқушыны ұрып-соққан мұғалім жұмыстан босатылды
603
оқылды
Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен мектеп-гимназиясының оқушысын ұрып-соққан мұғалім жұмыстан босатылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абай Қайратұлы Бекетов 8-сынып оқушысы Арнат Әбдіхалыққа қол көтерген.
«Жаңаөзен мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абай Бекетов бүгін 8-сынып оқушысы Арнат Әбдіхалық деген оқушыны ұрған. Мұғалімнің түсініктемесі және Жаңаөзен мектеп-гимназиясының тәртіптік кеңесі комиссиясы отырысының негізінде Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 14-тармақшасы бойынша жұмыстан босатылды», - деді Жаңаөзее қалалық Білім бөлімінің басшысы Өсербай Табыншаев.