Жанкүйерлердің тартуы
Жанкүйерлердің тартуы
620
оқылды
Бразилия астанасы Бра­зилиада өткен қазақ жазу­шы­сы, драматург, ғалым Мұхтар Әуезовке арналған конфе­ренцияда Димаш Құдайбер­геннің чилилік жанкүйерлері белсенділік танытты. Dimashnews.com-ның хабар­лауынша, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған іс-шара 16 қарашада өткен. Конференция барысында қазақ тілі пәнінің оқытушысы, түркітану факуль­тетінің аспиранты Марсиа Кас­тро барша қатысушыға жазушы­ның өмір жолы мен әйгілі «Абай жолы» романы туралы мағлұмат берді. Іс-шараны ұйымдастыру­шылар «Қазақстан-Чили досты­ғы қоғамы» құрылғанын ресми түр­де жариялады. Бұл туралы бұ­ған дейін Қазақстанның Чили­дегі елшісі Болат Нүсіпов мәлім­деген еді. Чилилік жанкүйерлер ұлттық биін – музыкасы мен мә­­тіні осы маңызды оқиғаға ар­найы жазыл­ған куэканы ұсынды.
«Димаш әрқашан бүкіл әлем­нен Dears-ты Қазақстанға қонақ­қа шақырады, сондықтан біздің «Қазақстан – батыл халық» атты куэкамыз (ұлттық би) Чи­ли­дің барлық жанкүйері үшін маңыз­ды оқиға болды. Бұл қуэка сүйікті орындаушымыздың Отанына бір күні бару деген асыл арманымызға бұрынғыдан да жақын­даға­нымыз­­­ды сезіндіреді», – дейді жоба авторлары Клаудия Лобос пен Кармен Сандовал.