Әділетті Қазақстанды құруға әр азамат үлес қосуы керек
Әділетті Қазақстанды құруға әр азамат үлес қосуы керек
317
оқылды
«АМАNАТ» партиясының ұйымдастыруымен Қазақстан Президенті-нің кезектен тыс өткен Президент сайлауының қорытындысына ба­ғыттал­ған кездесулер жалғасуда. Кездесуге «AMANAT» партиясы Түр­­кістан қалалық филиалының Ат­қару­шы хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және спорт­шы жастар қатысты. Жиын бары­сын­да бұл жолғы саяси науқанның ерек­­­шеліктері сөз болды.
«Сайлауда өңір тұрғындары бел­сен­ді­лік танытып, 80 пайыздан астамы дауыс берді. Бұл дегеніміз – облыс тұр­ғын­дарының саяси белсенділігінің жо­ғары екенін және ел болашағына бей­жай қарамайтынын аңғартады. Пре­зидентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың қа­­зақстандықтардың өмірлік бел­сен­ді­лі­гін арттырып, олардың ел тағдырына ара­ласуын жоғары деңгейге жеткізу және қоғамның пікірін алдыңғы орынға қою, халықтың мемлекеттік істерді бас­қаруға қатысу құқығы мен билік ор­гандарының халық алдындағы есеп­ті­лігін кеңейту туралы реформаларынан хал­қымыз көп үміт күтеді. Бүгінде бұл ре­формаларды іске асыру жұмыстары бас­талып та кетті», – деді Ғаппар Аман­тайұлы.
Ендігі уақытта осы реформалардың ло­гикалық жалғасы болып табылатын Пре­зиденттің алдағы 7 жыл ішінде сай­лауалды уәделерді жүзеге асыру мін­дет­тері тұрғаны да атап өтілді. Сондай-ақ кез­десу соныңда қонақтар жиын қаты­су­шыларына алғыс білдіріп, елдің аман­дығын тіледі. Сонымен қатар Арыс қаласында бі­лім саласының қызметкерлерімен де кез­десу ұйымдастырылды. Қалалық мәс­лихат депутаты, саяси кеңес мүшесі Г.Молдашева сайлау нәтижесіне бай­ла­нысты пікірімен бөлісті. «Халықтың сай­лауға көптеп келуі – Әділетті Қазақ­стан­ды таңдаудағы ұлт бірлігінің көрі­ні­сі» деген ойын жеткізді. Жиналған ұжым да Қ.Тоқаевтың реформалары ар­қылы елдегі өзгерістерге сенім біл­дірді.