Ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесті
Ауыл шаруашылығы саласы өкілдерімен кездесті
369
оқылды
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жа­нын­дағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жө­ніндегі және Өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес мү­шелері «Жан Арай» ЖШС-да ауыл шарушылығы саласының өкіл­дерімен кездесті. Жиында Қазақстан Президентінің ке­зектен тыс өткен сайлауының қоры­тын­дысы қаралды. Өңірлік даму жөнін­де­гі қоғамдық кеңес төрағасы Қожахмет Ильясов сала өкілдеріне сайлау науқа­ны­на белсенді қатысып, Әділетті де Қуатты Қазақстан үшін таңдау жасаған­дарына алғыс білдірді. Аймақтық экономика, кәсіпкерлік жә­­не аграрлық сектор мәселелері жө­нін­дегі қоғамдық кеңес төрағасы Бақ­дәулет Ма­хашов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруа­шылығы са­ласына қатысты алдағы 7 жыл­ға жос­парланып отырған бірқатар шар­уаны тіл­ге тиек етіп, еңбек адам­дары­на жаса­ла­тын қамқорлық жайын айтты. Жиында сала өкілдері аталған бағ­дарламалардың жоғары деңгейде жүзеге асырылатынына сенім білдіріп, алдағы уақытта да ел игілігі үшін жасалатын ре­формаларға белсенді атсалысатынын жет­кізді.