3 мыңнан астам алтын құйма сатылды
3 мыңнан астам алтын құйма сатылды
313
оқылды
Өткен бір айда екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пункттерінде жалпы салмағы 125,66 келі болатын 3 130 дана алтын құйма сатылды. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жарияланды. Құймалар бес түрлі салмақта саудаға шығарылған. Олар – 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Сатып алушылар арасында, әсіресе жоғары сұ­ранысқа 10 грамдық алтын құймалар ие болыпты. Сатылымға шығарылған құймалардың жалпы санының арасында оның үлесі – 25% немесе 27 596 дана болған. Одан кейін 5 грамдық алтын құймадан 23 362 дана (22%) және 20 грамдық құймадан 22 555 дана (21%), 100 грамдық құймадан 22 075 дана (20%), ал 50 грамдық құймадан 12 487 дана (12%) сатылған. Алтын құймалар Алматы, Астана, Атырау және Қарағанды қалаларында көп сатылды. Ұлттық банк азаматтарға тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы іске қосқан болатын. Содан бері жалпы салмағы 3,67 тоннаға жуық 108 075 алтын құйма сатылған екен. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пункттері жалпы салмағы 437 келі болатын 17 434 алтын құйманы кері сатып алған. Бұл – жалпы сатылған алтын құймалардың 16,1%-ы