Астанада үй қызметшісі жұмыс берушінің гауһар тастарын ұрлап кеткен
Астанада үй қызметшісі жұмыс берушінің гауһар тастарын ұрлап кеткен
457
оқылды
Елордада жұмыс берушінің үйінен гауһар тастарды ұрлаған үй қызметшісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Полицияға қала тұрғыны хабарласып, пәтерінен гауһар тастары бар алтын сырғалары ұрланғанын айтып арызданған. Арызданушы үй қызметшісінен күдіктенетінін жеткізген. Ол хабарландыру сайты арқылы тапқан 43 жастағы әйел үйде бір ай жұмыс істегенін айтты. Келіп жүрген уақыттарының бірінде жұмысшы жатын бөлмені жинап жүріп, шкафтан киім-кешек пен сырғаларды ұрлап кеткен. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасаған күдікті ұсталды. Оның ломбардқа тапсырған ұрланған зергерлік бұйымдары тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындады, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.