Қарағанды облысында тұрғын үй өртеніп, 1 адам көз жұмды
Қарағанды облысында тұрғын үй өртеніп, 1 адам көз жұмды
Фото: vestivrn.ru
239
оқылды
Алматы қаласында және Қарағанды облысында 5 қабатты тұрғын үйдің 4-қабатындағы пәтерде өрт болды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады. "Жалпы ауданы 40 шаршы метр құраған өрт бесінші қабаттағы пәтердің балконына көшті. ТЖД күштерімен баспалдақ маршымен 20 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды. Бір сағаттан аз уақыт ішінде өрт сөндірілді. Нәтижесінде, орташа ауыр жағдайында улы газдан уланған, мас күйінде болған 1970 жылы туған пәтердің иесі ауруханаға жатқызылды. Өрттің себебі әлі де анықталуда. Өртті сөндіруге жеке құрамның 32 адамы және Алматы қаласы ТЖД 10 бірлік техникасы жұмылдырылды", – делінген хабарламада. Тұрмыстық өрттің тағы бір жағдайы Қарағанды облысында тіркелді. Қарқаралы ауданының Айрық ауылында жеке тұрғын үйінде 60 шаршы метр алаңында өрт болды. Өрт ТЖД өртке қарсы қызметі келгенге дейін сөндірілді. Өрт орнында 1972 жылы туған жалдамалы жұмысшының мәйіті табылды.