Мәжілістегі AMANAT фракциясының мүшелері Екібастұзға жолға шықты. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан Facebook-тағы парақшасында жазды.
«Осындай ауыр сәтте елмен біргеміз. Негізгі мақсат – жедел түрде жүзеге асырылуы тиіс әлеуметтік мәселелерді жергілікті атқарушы билікпен бірге ұйымдастыру. Қалыптасқан төтенше жағдай ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бақылауында. Кеше түнде қаладағы 149 көппәтерлі тұрғын үйдің 129-на, 15 әлеуметтік нысанның 10-ына жедел жылу берілді. Қосымша төрт қазандық іске қосылды. Қазір қалған бес әлеуметтік нысанның, 17 көпқабатты үйдің жылу беру жүйесі қалпына келтіріп жатыр. Екібастұздағы оқушылар онлайн режиміне көшті. Балабақшалардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Емдеу мекемелеріндегі температуралық режим күні бойы 20-25ºС шегінде сақталып тұр. Қалада сенім телефоны жұмыс істейді. Азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру үшін қосымша 12 эвакуациялық пункт ашылды. Апат айтып келмейді. Өздеріңізді, айналаңызды сақтаңыздар», – деп жазды депутат Жанарбек Әшімжан.