Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, Ресейде ішінара мобилизация жарияланғанда 400 мыңдай ресейлік Қазақстанға келген.
«Дерек бойынша Қазақстанға 400 мыңнан аса ресейлік келді. 323 мың ресейлік елден қайтадан кетті. Қазір шамамен 100 мың ресейлік осында жүр. Еңбек мигранттары туралы айтсам, өткен жылдарды қоса алғанда 22 мың адам Қазақстанда жұмыс істейді», – деді Тамара Дүйсенова.